Бір күнде 47 қазақстандық коронавирустан көз жұмды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес 13 шілде күні Қазақстан аумағында 47 адам - коронавирустан, тағы 2 адам - пневмониядан қайтқан. Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында тіркеліп отыр - 11 науқас. Қарағанды мен Батыс Қазақстан облыстарында - 7, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау облысында - 4, Павлодар және Ақмола облыстарында - 3, Маңғыстау облысында - 2, Алматы және Қостанай облыстарында - бір адамнан қайтыс болған.