СҚО-да қатты ыстықтан балықтар қырылып қалды

Солтүстік қазақстандағы Қарабек көлінде балықтар қатты ыстық салдарынан тұншығып, қырылып қалған.

Бұл туралы арнайы құрылған комиссия мәлімдеді. Шілде айының басында Бескөл ауылындағы су қоймасында жартты тоннадан астам мөңке балығы жағаға шығып қалған еді. Экологтар мен ветеринарлар және табиғат қорғау инспекторлары судан және балықтан сынама алып, сараптама жасады. Жалпы жыл басынан бері осындай сегіз жағдай тіркелді.

Ильдар Кәкімов, СҚО бойынша Балық шаруашылығы инспекциясы бөлімінің басшысы:

– Ол кездері күн тым ыстық болды. Кей жерлерде температура 40 градустан асты. Осы кезде көлдің бетін пленка жапқан. Салдарынан су маржандарына ауа жетпей, қырылып қалды. Біз қазір бұл су қоймасына монитронг жасап жатырмыз. 10 гектардан астам аумақты алып жатқан көлде тіршілік жалғасуда. Яғни онда балықтар әлі де бар.