А. Цой шу шығарған әйелдердің әрекетіне қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгін ведомство ғимаратына келіп, шу шығарған әйелдердің әрекетіне қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, министрліктің қызметкерлері көпшілік алдына шығып, проблемаларына құлақ түрген. Бірақ арада мазмұнды диалог орнамай, арты төбелеске ұласты. Ашулы әйелдер ведомство өкілдерінен вакциналауды тоқтатуды талап еткен.

 Алексей Цой, ҚР Денсаулық Сақтау Министрі:

– Қызметкерлеріміз олармен сөйлесіп, жағдайды түсіндіргісі келді. Кейбірі біздің айтқандарымызбен келісті. Енді бірі ашу-ызаға жол берді. Министрлік өкілдері оларға еш күш қолданбады. Менің ойымша олар мұндайға әлеуметтік проблемалардың әсерінен барып отыр.

Сондай-ақ...