Шымкентте вакцина салдырғандар киелі орындарға жолдама ұтып алады

«Екпе салдырып, киелі орындарға жолдама ұтып алыңыз». Шымкенттегі ЖОО-ның бірі студенттерге осындай акция ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда вакцина салу бекеті жұмыс істеп тұр. Екпе алғандар ұтыс ойынға қатысады. Жүлдеге смартфон, ағылшын тілінен халықаралық емтиханды тегін тапсыру сертификаты тігіліп отыр.  Ал оқытушылар ақшалай сыйлыққа не жергілікті шипажайға арналған жолдамаға ие болады.

Шымшаһарда халықты жаппай екпе салдыруға ынталандыру шарасын қалалық денсаулық сақтау басқармасы да қолға алды. Тамыздың 6-15-і аралығында вакцинаның І компонентін алған адамдар үшін тікелей эфирде 2 Iphone телефоны ойнатылады.

Жадыра Сейдалиева, мейірбике:

– Елімізде болып жатқан індетке байланысты елде жаппай вакцинациялау науқаны жүріп жатыр. Осы науқанға байланысты індеттің өршуін тоқтату мақсатында университет мұғалімдері мен студенттері вакцина алуда. Вакцина алу өзіміздің және туыстарымыздың қауіпсіздігі болып табылады. Университетімізде науқан ұйымдастырылғалы мұғалімдеріміз бен студенттеріміз көптеп келіп жатыр.