Ақтөбе облысында оқитын шетелдік студенттерге білімін дәстүрлі жолмен жалғастыруға рұқсат етілді

Ақтөбе облысында білім алып жатқан шетелдік студенттерге оқуын дәстүрлі жолмен жалғастыруға рұқсат етілді.

Алайда өзге ел азаматының шекарадан өткен кезде вакцина салдырғандығы туралы құжаты болуы шарт. Немесе ПТР анықтама талап етіледі. Және оның мерзімі 3 тәуліктен аспауы тиіс. Жалпы өңірде коронавирус індетін жұқтырған және өкпесі қабынғандар саны азайғандығы байқалады. Мәселен, тамыз айында күніне 400-ден астам адам анықталып отырған, ал өткен тәулікте 207 науқас тіркелген.