Алматыда онлайн халық санағына 662 мың адам қатысты     

Алматы қаласы онлайн халық санағы бойынша алға шықты.

Мегаполисте 88 мың 595 тұрғын сауалнама сұрақтарына жауап беріп, санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Үздік үштікте елорда мен Алматы облысы да бар. Бас қалада 87 мың адам санақтан өтіп үлгерді. Ең төменгі көрсеткіш Түркістан және Атырау облысында. Жалпы кейінгі бір тәулікте ел бойынша 209 мыңнан аса азамат санақ сауалдарына жауап берді. Бұл әзірге – тәуліктік рекорд. Ал жалпы саны 662 мыңнан асады. Көбі санаққа «sanaq.gov.kz» сайты арқылы, қалғандары «Egov» порталы және «Аitu» қосымшасы арқылы қатысты.