Елімізде онлайн санақтан 1 млн-нан астам адам өткен

Бұл туралы ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді.

Айтуынша, қазіргі уақытта тіркелгендердің саны бойынша екі мегаполис, яғни Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары алда. Ал Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстары бұл көрсеткіш бойынша соңғы орында. Айта кетерлігі, Қазақстанда жалпыұлттық санақ 1 қыркүйекте басталды. Тіркелу сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы жұмыс істейді.

Нұрболат Айдапкелов, ұлттық статистика бюросының басшысы:

– Аумақтық статистика департаменттерінде, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, Қазпошта филиалдары және ірі сауда орталықтарында санақ бұрышы қарастырылған. Ол жерде респонденттерге санақтан онлайн режимде өтуге біздің консультанттар көмек көрсетуде.