Ashyq қызметін көшіріп, алаяқтықпен айналысатын жалған сайт анықталды

Ashyq-тың интерфейсін қайталап, айлакерлік жолмен пайдаланушылардың банк есеп-шоттарының логині мен паролін жинайтын фишингтік сайт жүйелі мониторинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалған қосымшада кәдімгі Ashyq қолданбасының және банктердің логотипі пайдаланылған. Мамандар бейтаныс сайттарға дербес банк деректерін енгізбеу қажет деп ескертеді. Деректеріңіз алаяқтардың қолына түссе, олар қаражатыңызды заңсыз иелік етуі мүмкін.