Елордадағы Тайбурыл және Үшқоңыр көшелері жөндеу жұмыстарына байланысты жартылай жабылады

11-24 қыркүйек аралығында Тайбурыл және Үшқоңыр көшелеріндегі жол төсемдері жөндеу жұмыстарына байланысты жартылай жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Хабарланғандай, Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Игілік көшесінен Өндіріс көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Басқармада келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұрайды.

Сондай-ақ...