Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компания ауруханаларға компьютерлік томографтар сыйлады

Қазақстанда жұмыс істейтін мұнай өндіруші ірі шетелдік компанияның бірі еліміздің ауруханаларына бірнеше жаңа компьютерлік томографтар сыйлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы үлгідегі аппараттар COVID-19 індетімен күреске көп көмегін тигізбек. Алты томографиялық компьютер Алматы, Қарағанды, Шымкент, Тараз, қалалары мен  Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарындағы медициналық мекемелерге орнатылады. Сонымен қатар корпорация басқа ұйымдармен бірігіп, дәрігерлерді оқытатын кешенді бағдарламаны жүзеге асыруды бастады. Бұл жоба жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталады. «Алдағы уақытта да әлеуметтік жауапкершілікті қолдайтын жобалар жалғасады», - дейді компания өкілдері. 

Джон Балтц, Мұнай өндіруші компанияның  басқарушы директоры:

- Корпорация атынан осы жоғары технологиялық жабдықты сіздерге табыстап тұрғаныма қуаныштымын. Оның талай жанға көмегі тиеді деп ойлаймын. Бастысы, ауруды ерте бастан анықтап, оны асқындырмай емдеу барысында бұл томографиялық компьютерлердің мүмкіндігі зор. Бұл біздің аз да болса коронавируспен күреске қосқан үлесіміз. Індетпен осылай бірге жұмыла күрескенде ғана жеңеміз. Біз 30 жылдан бері Қазақстанда жұмыс істеп келеміз. Осы уақыт аралығында сенімді серіктеске айналдық.