QazVac вакцинасы клиникалық сынақтардан абыроймен өтті – Қ. Тоқаев

QazVac вакцинасы клиникалық сынақтардан абыроймен өтті. Вакцина тиімділігін дәлелдеп, дәрі-дәрмекті гуманитарлық көмек ретінде көрші елдерге жеткізу басталды. Бұл туралы Душанбедегі Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Мемлекет басшысы қазақстандық тағы екі ғылыми әзірлемелер, яғни NARUVAX C-19 пен NARUVAX C-19 NANO коронавирусқа қарсы кандидат вакцина ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының реестріне енгізілгенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Коронавируспен күрес біздің күн тәртібіміздегі өзекті тақырыптардың бірі болып қалып отыр. Пандемияның ең қиын кезеңінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің ынтымақтастықтың «Шанхай рухын» танытқанын зор қуанышпен атап өтемін. Осы ретте өзара гуманитарлық көмек көрсетілді. Пандемияға қарсы іс-қимылда батыл бетбұрыс жасалды.