Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеге Ақтөбе облысынан 197 тоннадан астам өнім әкелінеді

25 және 26 қыркүйекте «Хан Шатыр» СОО алдындағы алаңда кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

Ақтөбе облысының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеге Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының 12 ауданынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерімен келеді.

Барлығы 197,2 тонна өнімді сату жоспарланып отыр, оның ішінде:

- еттің барлық түрі - 60 тонна;
- картоп пен көкөністер - 61 тонна;
- сүт өнімдері - 16 тонна;;
- өсімдік майы - 1 тонна;
- жұмыртқа - 17,2 мың дана.;
- балық - 5,3 тонна;
- бал - 0,5 тонна;
- шұжық өнімдері - 8 тонна;
- ұн және макарон өнімдері - 8,5 тонна;
- басқа өнімдер - 19,7 тонна.

Жәрмеңке өнімдерінің бағасы дәстүрлі түрде нарықтағы бағадан 10-15%-ке төмен болады.

Айта кету керек, жәрмеңкеге келушілер карантин талаптарын қатаң сақтауы керек: бетперде киіп, әлеуметтік қашықтық сақтау туралы ұмытпаңыз және қолды дезинфекциялық құралдармен тазартып тұру қажет.