Қалжыр өзенін ластаған компания анықталды

Шығыста Күршім ауданындағы Қалжыр өзенін ластап, орман-тоғайды отау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Бұл мәселе бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше салалық министрлік пен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіне нақты тапсырма берген. Табиғатқа зиян келтіріп, заңсыз кен өндірумен шұғылданғандарды жауапқа тартуды міндеттеген. Өзен арнасын астаң-кестеңін шығарып, тау-тасты қопарып суды ластаған әзірше бір компания анықталды. Арнайы комиссия Марқакөл өңірін әуеден шолып, жерден қарап шыққан. Сол маңда кен өндіретін компаниялардың жұмысын көрген. Қазір су мен топырақтан сынама алынып зертханада сарапталып жатыр. Әзірге бір компания ғана заң бұзғаны анықталған. Оған қолданыстағы экология заңы бойынша 211 мың теңге айыппұл салынды. Бұл айыппұл лицензиясыз жұмыс істегені үшін салынған. Ал табиғатқа келген шығын көлемі алда анықталмақ.

Зулфухар Жолдасов, экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы:

- Көлеміне байланысты әсер еткен табиғатқа, соған байланысты қылмыстық іс қозғау мүмкіндігі бар. Жауапкершіліктен басқа орнына келтіру. Жаңа экология Кодексінде ремедицация деген мехнизм бар. Сол бойынша бағдарлама аламыз. Сол бағдарламаның ішінде қашан, қандай жұмыс, қандай бағада? Соны бақылап қоғаммен бірге аяғына дейін жеткіземіз.

Ержан Нұрбаев, облыс әкімінің орынбасары:

- Лицензия қалай берілді. Қалай оны тексеріп отырсыздар? Қалай жұмыс атқарып отырсыздар? Қалған өзендерде де әңгімелер шығып жатыр. Мынадай жағдай шығып жатыр. Мемлекеттік органдардың қателігі болып жатса. Соны реттеп қай жерде қателік бар екен. Ең бірінші соны табуымыз керек.

Сондай-ақ...