Kaspi.kz бес жыл бойы Алматы марафонының бас серіктесі болып келеді

Алматыда Орталық Азиядағы ең үлкен марафон өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары әлемдік пандемияға байланысты екі жылдық үзілістен кейінгі марафонға қатысып, қала көшелерімен жүгіріп өтті. Оныншы рет өткен мерекелік «Алматы марафонына» 5 мың адам қатысты. Kaspi.kz бесінші жыл қатарынан осы спорттық шараның бас серіктесі болып келеді.

Алматының өткен жексенбідегі таңы бұрынғыдан өзгеше. Сағат алтыдан бастап қала тұрғындары «Алматы марафонына» жинала бастады. Жарысқа қатысушылар дәстүр бойынша 10 минуттық жаттығу жасады. Содан кейін ғана екі жылдық үзілістен кейінгі марафон басталды. Айта кетейік, әлемдік пандемияға байланысты былтыр бұл шара өткізілмей қалған еді.

Михаил Ломтадзе, kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі:

- Біз «Алматы марафонына» бесінші жыл қатарынан қуана қолдау көрсетіп келеміз. Еліміздегі ең ірі спорттық шараға республиканың мыңдаған тұрғыны мен қонақтары қатысуда. Біз биыл марафонның өткеніне қуаныштымыз және қатысушыларға, ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіреміз.

Оныншы «Алматы марафонында» барлық санитарлық қауіпсіздік талабы сақталған. Желаяқтардың денсаулығы Ashyq қосымшасы арқылы тексерілді. Мұнда тек вакцина салдырғандар мен ПТР тест тапсырғандар ғана қатысуға мүмкіндік алды. Олар жарыс жолынан тыс жерде маскамен жүруі керек. Биылғы марафонға 5 мың адам қатысты. Олардың арасында Испания, Оңтүстік Африка, Ресей және қырғызстандық желаяқтар бар.

БЛИЦ:

- Марафон өте күшті деңгейде өтуде, бұл менің өтірік айтпасам, сегізінші марафоным, осы жылғы үшінші жарыс болады.

- Өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Мақсатым салауатты өмір салтын ұстану және халық арасында көпшілікке марафон жүрісіне атсалысу.

- Марафонға бірінші рет қатыстым, арнайы Өскемен қаласынан келдім. Бір апта арнайы осы жаққа келіп дайындық жұмыстарын жүргіздік.

Марафонға қатысушылар әртүрлі қашықтықта бақ сынады. Яғни марафон, жартылай марафон және 10 шақырымға жүгірді. Одан кейін қатысушылар Экиден командалық эстафетасында бақ сынады. Бұл жарысқа Kaspi.kz қызметкерлері де қатысты. Топ құрамына биыл алғаш рет нәзік жанды қабылданыпты.

Инна Ли, kaspi.kz қызметкері:

- Бұл бір жағынан үлкен жауапкершілік. Сонымен қатар мен Kaspi.kz тарапынан командалық жарысқа шыққан алғашқы қызбын. Сондықтан марафонға қатысқан және әріптестер арасындағы барлық қыздарға үлгі болғаным үшін қуаныштымын.

Нұрбол Садықов, kaspi.kz қызметкері:

- Дайындық өте керемет болды, бәрі ойдағыдай болды. Алматы марафонға және kaspi.kz-ке үлкен рахметімді айтамын. Қатысушыларға, ұйымдастырушыларға, демеушілерге үлкен рақмет!

«Алматы марафоны» бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттаудан өзге қайырымдылық мақсатты да көздейді. Жарысқа қатысушылардан жиналған қаражаттың бір бөлігі балаларға арналған спорт алаңдарын ашуға және желаяқтарға арналған жаттығу орталығын салуға жұмсалады.

Аршын Кемелжан, Нұрдәулет Жақсыбаев