Солтүстік Қазақстан облысы қайтадан «қызыл аймаққа» кірді

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта : Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.