Қаражарды қалың қар басты

Қазанда ақпандағыдай ауа райы орнап, бір тәулікте жарты айдың жауын-шашыны түсті.

Әлеуметтік желілерде Павлодар облысының Қаражар ауылын қалың қар басты деген көріністер тарады. Ақ ұлпаның қалыңдығы шамамен 50 сентиметрге жетеді. Басында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласқан. Тұрғындардың айтуынша, түнде боран болған. Тек Қаражар емес, Баянауыл ауданының өзге де елді мекендеріне көп мөлшерде жауын-шашын түскен.

Сондай-ақ...