Елімізде төрт облыс «қызыл аймақта» тұр

7 қарашадағы жағдай бойынша коронавирусқа қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызыл аймақта»: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

«Сары аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

«Жасыл аймақта»: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары енген.

Айта кетейік, 6 қарашамен салыстырғанда коронавирус матрицасы өзгеріссіз қалды.