Түркістан облысында жалған цех анықталды

Бірнеше жылдан бері контрафактілі кір жуу ұнтағын шығарумен айналысып келген цех анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаржылық мониторинг агенттігінің аймақтық өкілдері жүргізген жедел-іздестіру шара барысында танымал маркалы кір жуу құралдарын қолдан жасап отырған азамат ұсталды. Оның иелігінде ұнтақты буып-түюге арналған 7 құрылғы, 500 қапшық, 100-ден аса 20 келілік ұнтаққа арналған қаптар, полиэтилен пакеттер табылған. Ұсталған азаматқа 6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Мамандар әйгілі бренд иелеріне одан да көп шығын келтірілуі мүмкін екенін айтады.