«Ashyq» жүйесінде медициналық рұқсаты бар адамдарға «жасыл» статусы беріледі

Бүгін елге файзер вакцинасы жеткізіледі. Екпе тиелген ұшақ Алматыға келіп қонады деп жоспарланған. Денсаулық сақтау министрі вакцинаның 4 миллионнан аса данасын сатып алдық деп мәлімдеген. Сонымен қазақстандықтар қызу талқылаған препарат кімдерге салынады? Ойын-сауық орталықтарына қалай кіреміз? Бұл сауалдардың жауабын «Үш сұрақ» атты жаңа айдарымыздан білесіздер. 

Айжан Есмағамбетова, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы:

– Pfizer вакцинасын 18 жасқа дейінгі балалар, жүктіліктің 16-37-ші апта аралығындағы әйелдермен қатар босанған уақыттан 42 күн өткен соң бала емізетін аналар егіледі. Ескере кететіні, Дүниежүзілік денсулық сақтау ұйымы баланы 2 жылға дейін емізуді ұсынады. Сондықтан баласын осы жасқа дейін емізетін аналар да бұл екпені ала алады. Әзірге бұл топқа жатпайтын адамдар Pfizer-ді ала алмайды.

– ASHYQ қосымшасында «көк» мәртебесі бар келушілерге СОО кіруге шектеу қойса, медициналық рұқсаты барлар да кіре алмай қалмай ма?

Айжан Есмағамбетова, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы:

–  Тұрақты медициналық рұқсаты бар адамдарға қатысты қазір ақпараттық жүйеде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қараша айының соңына дейін «ASHYQ» жүйесінде олар да анық көрінетін болады. Ал, әзірге сауда ойын-сауық орталықтарына арнайы медициналық рұқсатын көрсетіп қана кіре алады. Медициналық рұқсаты жоқ, «көк» статустағы адамдар кез-келген жерге кіре алмайды.

– Ревакцинациядан бұрын антиденеге талдау жасау қажет пе?

Айжан Есмағамбетова, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы:

– Біз вакцинациядан бұрын да антиденеге талдау жасауға кеңес бермедік. Ревакцинация алдында да антидененің бар-жоғын тексерудің қажеті жоқ. Ал қайта вакциналау кезінде халықаралық зерттеулер кросс-вакцинацияның тиімді екенін айтып отыр. Ол дегеніміз алдыңғы екі дозалы вакцинадан кейін елімізде тіркелген басқа түрін алу ұсынылады.

Сондай-ақ...