ЮНЕСКО мектеп бағдарламасына климаттың өзгеруіне арналған пән енгізуді ұсынды

ЮНЕСКО мектеп бағдарламасына климаттың өзгеруіне арналған пән енгізуді ұсынды.

Онда оқушыларға 2025 жылға дейін ғаламшарда өмір сүру ережелері үйретілмек. Ұйым сарапшылары осылайша біртіндеп білім беру саласындағы әдістемені өзгерту керек дейді. Сондай-ақ олардың айтуынша болашақта бір адамға бір мамандықты меңгеру аздық етеді. Яғни бірнеше қызметті атқара алатын мамандар ғана табысқа жетеді. Бұдан бөлек ЮНЕСКО әлемде білім жүйесінде теңсіздік белең алып бара жатқанына алаңдаулы. Бұл да саланың дамуына кедергі келтіріп отыр дейді сарапшылар.     

Одре Азуле, ЮНЕСКО-ның бас директоры:

- Коронавирустан туындаған дағдарыс білім беру жүйесіне ауыр соққы боп тигені рас. Әлемдегі оқушылардың 90 проценті мектепке орала алмады. Білім саласындағы теңсіздік арта түсті. Бұл қоғамның цифрлық технологияларды игеруіне тікелей байланысты. Мәселен, Африкадағы 10 баланың 9-ында компьютер жоқ. Сондықтан білім беру саласындағы мәселені жоюда, мемлекеттер алдымен заман ағымына ілесуді міндет етіп қойғаны абзал.