Елордаға Pfizer препараты жеткізілгелі екпе алатындар қатары күрт артқан

Нұр-Сұлтанда вакцинация қарқыны артты. Денсаулық сақтау мамандары азаматтардың вакцинация пункттеріне белсенді келіп жатқанын атап өтті. Қазір бүлдіршіндерден басқа барлық жас санаттағы тұрғындар КВИ-ге қарсы вакцинацияға келеді. Олардың арасында жүкті және бала емізетін әйелдер, 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Вакцинация қарқыны тағы да артып келеді. Елордаға Pfizer препараты жеткізілгелі бері екпе алатындар қатары күрт артты. Біз тәулігіне орта есеппен 1200-1400 адамды вакцинациялай бастадық. Pfizer препаратымен вакцинациялау басталған соңғы екі күнде екпенің бірінші компонентін тиісті контингенттен 1 мыңға жуық адам алды. Осы қарқынды сақтап, тиісті жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті қалалық Денсаулық сақтау басқармасы.

Осылайша, елордада барлығы 460 мыңға жуық адам екпенің бірінші компонентін алды. Бұл екпе алуға жататын тұрғындардың 64,6%-ын құрайды. Елордада КВИ-ға қарсы вакцинациялауға 711 мыңнан астам қала тұрғыны жатады.

Қазіргі уақытта азаматтардың таңдауына екпенің үш түрі ұсынылады: ресейлік «Спутник», отандық QazVac вакцинасы және қытайлық Sinofarm Verocell препараты. Жүкті, бала емізетін, 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін америкалық Pfizer препараты бар.

Сондай-ақ...