БҚО-да ауылға су жеткізудің амалы табылды

Батыс Қазақстанда 186 ауыл ауыз су тапшылығын көріп отыр. Бұл елді мекендерде 37 мыңнан аса адам тұрады. Енді осы мәселені шешу үшін 66 ауылды орталықтан қамтамасыз ету көзделген. Ал 21 ауылға ауыз су тасымалданып отыр.

Мамандардың айтуынша, ең дұрысы елді мекендерге кешенді блок-модульдер орнатқан тиімді. Әр блок-модульдің құны 12-17 миллион теңгенің шамасында. Жыл сайынғы күтімге 2 миллион теңгедей жұмсалады. Бұл орталық жүйеге қарағанда анағұрлым арзан.  

Әлібек Антазиев,  облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

- Орталықтандырылған сумен қамтамасыз құны өте қымбатқа түседі. 15-20 шақырым құбыр тарту үшін кемі 500-600 миллион теңге бюджет қаржысы жұмсалады. Сондықтан халық саны екі жүзден аспайтын елді мекендерге осындай кешенді модульдер қойған тиімді.