Мобильді ақша аударымы үшін кім салық төлейді?

Халық арасында бірнеше күн бойы телефон арқылы жасалатын мобильді аударымдар тақырыбы қызу талқыға түсті. Салық төлеуді естіген жұрт мобильді төлемдерден жаппай бас тартып жатыр. Бұл мәселе бойынша туындаған сауалдарға Қаржы министрлігінің бас хатшысы "Үш сұрақ" айдарында жауап берді.

Әлібек Әбділов, ҚР қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы:

1 сұрақ: Шағын кәсіппен айналысатындар қай уақытқа дейін салық төлемейді?

Салық заңнамасына енгізіліп жатқан өзгерістер бұл жаңа салық түрі емес. Бұрынғыдай кәсіпкерлер өз салық режимін қандай негізде жүзеге асырды, дәл солай жүзеге асырып, салық есептерін дәл солай жүргізіп отырады. Сондықтан да еске салып өтейін, 2023 жылға дейін Қазақстанда микро және шағын кәсіпкерлік кіріс салығынан босатылған.

2 сұрақ: Заңға жеке тұлғаларға қатысты өзгерістер енгізілді ме?

Қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселе – жеке тұлғаларға қатысты сұрақ. Егер де жеке тұлға өзі мобильді аударымдар жасайтын болса, ол туралы ақпарат кірістер органдарына беріле ме деген сұраққа келетін болсақ, банктік  құпияны сақтау талаптары бойынша аударымдар туралы ақпарат кірістер органдарына жіберілмейді. Сондықтан қазақстандықтар бұрынғыдай мобильді аударымдарды жүзеге асыра берсе болады.

3 сұрақ: Мобильді аударым жасаған жеке тұлғалар салық төлей ме?

Мобильді аударымдарға ешқандай шектеулер немесе салықтар салынбайды. Өйткені жеке тұлғалар арасындағы мобильді аударымдарға салық салынбайды. Бұл банктік құпия. Сондықтан заң жобасында жаңа салықтар немесе нормалар болады деген норма жоқ.