Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: СҚО тұрғындары жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша оларды Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин тапсырды.

Мәжіліс Спикері солтүстікқазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтай отырып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық бастамаларын, Қазақстанның қалыптасуы, дамуы мен нығаюы жолындағы осы жылдардың маңыздылығын атап өтті. Нұрлан Нығматулин 30 жылды жасампаздық пен маңызды өзгерістер кезеңі деп атады.

Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттің жетістіктері туралы айтқан  Нұрлан Нығматулин аграрлық және өнеркәсіптік әлеуеті айтарлықтай дамыған Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының үлесін атап өтті.

Марапатталғандардың ішінде ғалымдар, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, мұғалімдер мен дәрігерлер, жұмысшылар мен құтқарушылар, кәсіпкерлер, әртістер мен спортшылар бар.

Олардың әрқайсысы өз саласының нағыз маманы және үлгі тұтатын жандар және өз елінің, жерінің нағыз патриоттары. Солтүстікқазақстандықтар Отан алдындағы қызметі үшін «Парасат», «Құрмет», III дәрежелі «Еңбеқ Даңқы» орденімен,  «Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен марапатталды.