Атырауда мереке күндері автобустар тегін қатынайды

16-17 желтоқсан күндері Атырау қаласында жолаушы тасымалдайтын барлық автобус тегін жүреді.

Жергілікті билік тұрғындарға осындай мерекелік сый дайындапты. Бүгінде қалаішілк және оған іргелес елдімекендерге 30 маршрут қатынайды. Қалалық әкімдікке қарасты 2 автопаркте 220 автобус бар. Олар осы күндері атыраулықтар мен қала қонақтарына тегін қызмет көрсетеді. Автобустар әдеттегідей, таңғы сағат 6-дан кешкі 22:00-ге дейін жүреді. Олардың қалыпты жұмысын қалалық жолаушылар тасымалын реттейтін бөлім бақылауға алмақ.