Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін

Шығыс Қазақстан облысында 25-27 желтоқсан аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс.

– Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыздар, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

ТЖД мамандары өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеруге кеңес берді.