Маңғыстау облысында 8 блок бекет қойылды

Олар Ақтаудан Жетібай, Құрық ауылдары және Форт Шевченко қаласы бағытында, сондай-ақ Баянды-Емір тас жолы мен «Ивушка» демалыс орнына апаратын жолда орналасқан.

Жаңаөзен қаласындағы Жетібай, Қызылсай және Құланды жолдарында үшеуі тұр. Өңірде түнгі 11 мен таңғы 7 аралығында коменданттық сағат енгізілген. Құқық қорғаушыларға еріктілер көмектесіп жүр. Облыста 109 колл орталығы іске қосылды. Ол арқылы төтенше жағдайға байланысты кез келген сұраққа жауап алуға болады.

Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:

- Президенттің берген пәрменін неғұрлым тезірек, сапалы орындасақ, соғұрлым біз тұрақты жағдайға келеміз. Тұрғындарға тағы ризашылығымды білдіремін және түсіністік танытуын сұраймын. Бұл уақытша мерзім. Халқымыз бірлікте болу керек. Бірге ынтымақтастықта болуымыз керек.