Ақша айырбастау бөлімшелері әзір ашылмайды

Ертеңнен бастап азаматтардың жалақысы, зейнетақысы және жәрдемақысы бойынша теңгелік аударым жұмыстары жанданады.

Бұл халық пен бизнес өкілдеріне төл валютада өзара есеп айырысуға толық мүмкіндік береді деп хабарлайды Ұлттық банк өкілдері. Қазақстандық қор биржасында мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының қызметі де қалыпқа келеді. Халықаралық төлемдер мен аударым жүйесі де қайта іске қосылады. Осыған байланысты екінші деңгейлі банктердің ақша айырбастау бөлімшелері әзір ашылмайды. Қызметкерлері мен клиенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пункттердің жұмысы кейінге шегеріледі.