Шымкентте бизнеске 100 млн теңге шығын келген

Шымкентте бизнеске 100 млн теңге шығын келген

Шымкентте жаппай белең алған тәртіпсіздіктен кейін бизнеске келтірілген шығын есептеліп жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, шамамен 13 кәсіпкерлік нысан 100 млн теңге көлемінде шығынға батқан. Залал келген дүкендер мен компанияларда түгендеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қалалық Кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша тонаушылар кәсіпкерлік нысандардың терезелерін шағып, есіктерін сындырған. Ғимарат ішіндегі мүліктерді қиратқан. Одан бөлек, азық-түлік, кондитерлік дүкендер мен ірі сауда орталығы тоналған. Арандатушылар тауарларды ұрлап қана қоймай, барлығын сыртқа шығарып, әсіресе спирттік ішімдіктерді өртеп жіберген.

Нұрлан Қабыштаев, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры:

– Басқа өңірлерге қарағанда Шымкент қаласында шығын аздау. Шамамен 13 кәсіпкерлік нысанға 100 млн теңге көлемінде залал келтірілген. Оның ішіне инфрақұрылым нысандары, есіктер мен терезелер және бейнабақылау камералары бар. Түгендеу жұмыстары әлі де нақтыланып жатыр.

Мемлекет басшысы мәлімдемесінің толық мәтіні

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды

Тәуелсіз Қазақстан тарихында он бірінші рет аза тұту күні жарияланды

Қ.Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты