Талдықорғанда тұрғындарға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр

Өңірдегі қақтығыс салдарынан жапа шеккен тұрғындарға тегін психологиялық көмек көрсетіле бастады, деп хабарлайды Хабар 24.

Онлайн режимде ұйымдастырылған шараны «Демеу» психологиялық түзету-дамыту орталығынің мамандары жүргізеді. Орталыққа 10 шақты азамат хабарласып, WhatsApp желісі арқылы тегін психотерапиялық кеңес алған. «Олардың арасында қатты үрейленген жалғызбасты аналар, ет жақындарынан айрылған азаматтар, тіпті, оққа ұшқан қарулас достарын ақтық сапарға шығарып салған отан қорғаушылар да бар» дейді психологтар.

Мөлдір Болатқызы, отбасылық психолог, тренер:

– Онлайн форматында болғандықтан, уақытын алдын ала белгілейміз. 40 минуттай ол кісіні ешкім мазаламауы керек. Бізге толықтай сенім артқан кезде бұл сапалы қабылдау болып есептелінеді. Біз бақылап отырмыз. Телефон бәсеңдегенге дейін, еліміздегі жағдай жақсарғанға дейін көмектесуге дайынбыз.