431,41 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ӘҚП: 2021 жылы мүгедектігі бар адамдарға 367 мыңнан астам қызмет көрсетілді

  • 133
  • UPD: 10:07, 17.01.2022
ӘҚП: 2021 жылы мүгедектігі бар адамдарға 367 мыңнан астам қызмет көрсетілді Егемен Қазақстан

2021 жылы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 266,3 мыңнан астам мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 6,4 мыңнан астамы – ымдау тілі қызметін, 34 мыңнан астамы – жеке көмекшінің қызметін, 61 мыңға жуығы – санаторлық-курорттық ем алды.

ҚР ЕХӘҚМ мәліметінше, портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 232 мың тапсырыс рәсімделді.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 792 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 164 ОТҚ жеткізуші, 15 мыңнан астам жеке көмекші, 262 ымдау тілін қызметін, 67 санаторлық-курорттық емдеуді, 135 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізушілер тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.

Қолдауға арналған байланыс орталығына 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, тілді таңдау және 5 санын басу арқылы Порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы