Қостанай облысында апатты жағдайдағы үйлер сүріледі

Ресми мәлімет бойынша, Қостанай қаласында 1 мың 160 көпқабатты тұрғын үй бар. Соның 400-ден астамы, яғни үштен бірі жарты ғасыр бұрын салынған. Тіпті, іргетасы 1940-1950 жылдары қаланған баспаналарда да әлі күнге адамдар тұрып жатыр. Осы үйлерді тексеріп, қайта жаңғырту үшін Қостанайда үш жылдық кешенді бағдарлама дайындалды.

Жоспар бойынша апатты үйлер сүріліп, жарамдыларын қайта жөндеу көзделіп отыр.

Данияр Әменов, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы:

– Тұрғындар өздері шешім қабылдап, хаттама толтырады. Оны жергілікті атқарушы органға тапсырады. Одан кейін қалалық әкімдік біздің бөліммен, өкілетті ұйымдармен бірлесіп, тұрғындарды басқа үйлерге қоныстандырумен айналысады. Оның бәрі жеке инвестор, құрылыс жүргізуші компания есебінен жүргізіледі.