Маңғыстауда мұғалімді алдаған алаяқ әйелге сот үкімі шықты

 

Маңғыстау облысында мұғалімді алдаған алаяқ әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алаяқ әйел мектепке жұмысқа орналастырамын деп алдын-ала қаражат алған. Өз қызметі үшін әр жұмыс іздеушіден 750 мың теңге сұраған. Алаяққа ақша берген жас маманның бірі жұмысқа орналаса алмаған соң полицияға арыз жазған.

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жолданған.

Күдіктінің бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Берік Өтеев, Мұнайлы Аудандық сотының судьясы:

– ҚР Қылмыстық Кодексінің 190 бабы 3 бөлігі, 4 бөлімімен іс қаралды. Оның бұрын сотталғаны ескеріле отырып, Мұнайлы аудандық сотымен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.