Ақтаудағы шағын аудан тұрғындары пәтерінде бүрсең қақты

Ақтауда жұрт «пәтеріміз суық» деп дабыл қағып жатыр. 33-шағын аудандағы «Аққу-1» тұрғын үй кешенінде қыс басталғалы мардымды жылу болмаған. Суық күнде дірдек қаққан тұрғындар коммуналдық кәсіпорынды кінәлайды.

Бұл «Аққу-1» тұрғын үй кешеніндегі тұрғындардың жанайқайы. 3 үйдегі 700-ден астам отбасы былтырдан бері мардымды жылу көрмеген. Коммуналдық төлемді уақытылы төлесе де жылу пәтерлерге тиісті температурада келмейді. 

Айнұр Юсупова, қала тұрғыны:

- Осы жылы ноябрь айында жылу болған жоқ, декабрьдің 18-інен бастап 1 жұма жылу болған жоқ. Ол кезде «Нұр-Отанды» шақырған болатынбыз. 31-домның артында подстанция бар. КЖСА мекемесінің мамандарымен жинап, аштырттық. Нәтиже жоқ ешқандай.

Көп балалы ана Сабина Бөкеева пәтеріне 3 жыл бұрын көшіп келген. Жыл сайынғы жылу мәселесінен әбден шаршағанын айтады. Балалары да жиі ауырып қалады. Амалсыз үйге электр қуатынан нәр алатын жылу пештерін қосып қоюға мәжбүр. Бұл алайда қалтаны қағады. 

Сабина Бөкеева, қала тұрғыны:

- 2 күн отопление болса 5 күн отопление жоқ. Қиын жағдай. КЖСА-ға актқа қол қойыңдар, осындай күні бізде отопление болған жоқ, ақша төлеп отырмыз ғой дегенде қол қойған жоқ. Проблемасын айтпай тұр. Подачамыз ашық тұрса, «Маңғыстау Арена» жылымай қалады деп біздікін жауып кетеді. Давление қысып кеткеннен кейін регулировка жасау керек. Комиссия шақырсақ ғана 1 сағат бұрын ашып кетеді. Бұл мәселені шешу керек.

Ал үйге қызмет көрсетуші мекеме мен коммуналдық кәсіпорын «жылудың үнемі болуына кепілдік бере алмаймыз» деп отыр. 

Сүйеу Жолымбердиев, «Мақсат Маңғыстау» ЖШС басшысы:

- Қаланың өсіміне байланысты, сырттағы реттеу жұмыстарына байланысты. Себебі сырттан келетін трасса дұрыс отопление айналып тұруы үшін айналым болу керек. Айналым болмай қалады. КЖСА-ға шығамыз, мамандар келіп тексереді. Реттеп жүргіземіз. Отключение болса басқа микройрайоннан тұрып қалады. Постоянно жасап тұрады деп гарантия бере алмаймыз. Отключение болса жұмыстамыз. 

Асқар Дүзмағанбетов, «Каспий жылу су арнасы» МКК бас инженері:

- Қаланың жағдайына қарай қысым жайлап түсіп жатыр. Қала үлкейгесінь автомат істемей қалады. Қызмет көрсететін мекемемен ручнойға қойдырдық. Бір үйдің реттеу жұмыстарын дұрыс жүргізбесе, бәріне әсер береді. Задвижка ауыстыру керек деп жатыр. Оның бәріне негіз керек. Жерде көміліп жатқасын қыстың кезінде тексере алмаймыз.

Қазір үйлерде жылу параметрлері нормаға сәйкестендірілген. Енді тек келесі өшкен кезде қайтадан мекемені шақыруға тура келеді. Басқа амал жоқ.

Әйгерім Ашықбаева, Саламат Бекбаев