БҚО-да террористік қауіптің орташа «сары» деңгейінің күші жойылады  

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб Батыс Қазақстан облысындағы жағдайдың тұрақталғандығын хабарлады.

«Батыс Қазақстан облыстық жедел штабының басшысы қабылдаған шешімге сәйкес, 2022 жылдың 28 қаңтар сағат 00:00-ден бастап өңірде террористік қауіп-қатердің орташа «сары» деңгейінің күші жойылады», делінген Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың хабарламасында.

Күш құрылымдарының бөлімшелері штаттық жұмыс режиміне көшеді.

Штаб аймақ тұрғындарына түсіністік пен азаматтық жауапкершілік танытқандарына алғыс білдірді.