Халық мемлекеттік органдарға қарсы сот дауында жиі жеңіске жетеді

Қарапайым ел тұрғындары мемлекеттік органдарға қарсы сот дауында жиі жеңіске жетеді. 

Бұл Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жұмысының алғашқы алты айындағы көрсеткіш. Бұл туралы Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы мәлімдеді.

"Национальный интерес" бағдарламасында эксклюзивті сұхбат берген Аслан Тукиев тұрғындардың әкімдіктер және сот орындаушылармен жиі соттасатынын айтты.   

Аслан Тукиев, ҚР Жоғарғы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқа төрағасы:

- Соттар органдарға заң талаптарын сақтауды талап ете бастады. Заң бұзушылықтарға көз жұма қарауды тоқтатты. Бізде дәлелдеу ауыртпалығы деген ұғым бар. Ол мемлекеттік органға жүктелген. Бұл норма бұрын заң талаптарында болғанымен іс жүзінде ескерілмеген. Ал қазір бұл талапты міндетті түрде қолдану қажет.  

Сондай-ақ эфир барысында Аслан Тукиев судьяларды іріктеу қалай өтіп жатқанын айтты. Әрі сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық мәселесіне де тоқталды.

Сұхбаттаң толық нұсқасын бүгін «Хабар» телеарнасынан сағат  22:00-де көре аласыздар.