Ресейден елімізге ағылуы мүмкін еңбек мигранттары министрліктің бақылауында

Жыл басынан бері 6 мыңнан астам көрші ел азаматы жұмысқа тұру үшін елімізге келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ былтыр 1 жыл ішінде тиісті мақсатты көздеп шекара асқандардың саны 18 мыңнан асты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресейлік жұмыс күшінің елімізде қаптап келу қаупі жоқ деп сендірді. Әрі биылдан бастап шетелден тартылатын мамандарға бөлінетін квота саны 4700-ге дейін қысқарды. Соның өзінде 20 мыңнан астам шетелдіктің Қазақстанда еңбек етуіне рұқсат етілген. Алайда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында ешқандай шектеу жоқ. Мамандар бір елден екіншісіне емін-еркін қатынап жұмыс істей береді.