ТЖМ: 285 елді мекенге судан қауіп бар

Елде 300-ге жуық елді мекенге су жайылады. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

Уақытылы шығарылмаған қар, еріген су мен тазартылмаған арықтардың салдарынан осыншама мекен су астында қалуы мүмкін. Әсіресе елдің солтүстігі мен батысында жағдай алаңдарлық. Ведомствоның мәлімдеуінше, 2023 жылға дейінгі су тасқынына қарсы шаралардың тек жартысы ғана орындалған. Қазірдің өзінде солтүстік мен батыстағы бірнеше ауылды су басып, көлік жолдарын шайып кетті. Осы орайда Премьер-Министр Әлихан Смайылов Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильинмен және өңір басшыларымен кеңескен. Әкімдер су басқан аумақтарды қалпына келтіру туралы баяндады. Ал Премьер-Министр Жол картасын іске асыруды жеделдетуді тапсырды.

Сондай-ақ...