«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы ұсталды

Қайдар Қарақұлов Жамбыл облысындағы өрт пен жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс аясында күдікті деп танылды.

Ол қызметіне салғырт қараған болуы мүмкін деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің өкілдері.

Айта кетейік, былтыр 26 тамызда Тараз түбіндегі қару-жарақ қоймасынан өрт шығып, арты жарылысқа ұласқан. Оқиға салдарынан 17 адам қаза тауып, 98 кісі жарақат алған еді. Бір адам хабар-ошарсыз кетті.