Жамбыл облысында мектеп дауы шешілер емес

Бұрын мұндай жағдайды шалғайдағы мектептерден көруші едік. Ал бұл Қостөбе. Тараздың тура іргесінде тұрған ауыл. Білім ошағына көңіл бөлінбегелі соншалық ғимараттың өзі де,  парта, шкаф түгел ескіріп, әбден тозған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұғалімдердің өздері жылда кем-кетікті түгендеп, сылап-сипап амалдап келеді.

Жарты ғасыр бұрын салынған үш бөлмелі білім ошағында 1-4 сынып аралығындағы 51 бала оқиды. Интерактивті тақта, жаңа парта, оқушыларға арналған компьютер деген  атымен жоқ мұнда. Тек мұғалімдер мен меңгерушіге екі компьютер. Оның өзі дәлізде тұр. Мұндай жерде бала заманауи талапқа сай білімді қайдан алсын? Ал ұстаздардың жағдайы мүлдем аянышты.

Ырзакүл Базарбекова, Қостөбе ауылының тұрғыны:

 Үлкен балалар қайда оқиды? Үлкен балалар безіп кеткен. Біреуі Жамбылда оқиды. Бір сыпырасы 37-де оқиды. Күнде-күнде жолгіре. Қалтасын көтере ма? Мүсәпірдің күнін кешіп отырмыз. Ұрып жатады әлім жеттілік қылып. Біз қасында жүрген жоқпыз ғой. Төбелескені төбелесіп, өлгені өліп жатыр ғой. Оны қазақпыз ғой. Жауырды жаба тоқитын. Сөйтіп күн көріп жатырмыз.

Зұлхабира Көбеева, Қостөбе ауылының тұрғыны:

 – Осы жерде оқыса балалардың бәрі қалаға, Жамбыл учаскесіне, Асаға сандалмай. Жаңбыр жауады. Қар жауады. Спорт залдары жоқ. Жақсы мектеп салынып берілсе. Даже үлкен мектеп салынса. 10 жылдық, 9 жылдық.

Жұрт «Мектеп салынады!» деген құрғақ уәдеден шаршаған. Ұстаздар мен оқушылардың жағдайын көріп танысқан соң әкімдікке бардық. Мәселенің мән-жайын сұраған едік, басшы барлық жағдай жасалған деп ағынан жарылды.

Қуаныш Бақытұлы, Жамбыл аудандық Білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

Ол жер негізі дәліз ғой. Ешқандай жеке кабинет емес. Медиктің кабинетінде камера қойылған сол жерге. Мұғалімдерге дайындалғанға сол жерде мүмкіндік бар. Медиктің кабинеті жоқ ол жерде. Біз барып көрдік. Есіміңіз кім? Қуаныш ол жерде медик те отыр, қоңырау соғатын вахта қызметкері де отыр. Сіз барып көргенсіз ба ол мектепке? Барып көргем. Білеміз. Онда неге бөлек отыр дейсіз? Айтып тұрмын ғой. Ыңғайластырылған ғимарат болғаннан кейін шешімі солай табылды.

Анықталғандай Қостөбеге 80 орындық орта мектеп салу жоспарда бар екен. Биыл жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленеді. Аудандық Білім бөлімінің мәліметінше, құрылыс 2023 жылы басталуы мүмкін.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә

Сондай-ақ...