Телефон бейнекамерасы арқылы ЭЦҚ алуға болады

Бұдан былай eGov порталында электрондық цифрлық қолтаңба алу үшін телефон бейнекамерасын қолдануға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

23 сәуірден бастап «Диджитал АйДи» бейне тексеруінен компьютер камерасын қолданбай-ақ өте аласыз. Бейне тексеру сервисі компьютерде камера болмаған жағдайда QR-код көмегімен сәйкестендіру рәсімінен өтуге мүмкіндік береді. Өзгертулерді пайдалану үшін телефон камерасын компьютер экранында көрсетілген QR-кодына бағыттау керек. Сәйкестендіру расталғаннан кейін үйреншікті тәсілді жалғастырасыз.