Алкоголь өнімін дайындап сатқан жасырын цех жұмысы әшкереленді – Қарағанды облысы

Қарағанды облысының Саран қаласында біршама уақыт бойы жасырын түрде алкоголь өнімін дайындап, саудалап отырған топ ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол өз өнімін дайындап, артынша облыстың дүкендері мен базарларына саудаға шығарып, пайдаға кенеліп отырған. Астыртын цехты тінту барысында бұлтартпас айғақтар мен дәлелдер табылған. Қазір бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Зарина Құсманова, облыстық экономикалық тергеу департаментінің баспасөз хатшысы:

– Тінту барысында жалпы көлемі 10 мың литрге жуық спирт өнімдері мен спирт құйылған пластик ыдыстар тәркіленді. Көлемі 500 литр болатын 100-ге жуық арақ-шарап бұйымдары тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚК-нің 214-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Дайындалған және өткізілген өнімнің барлық көлемін анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.