Петропавлда жетімді жылатқан кім?

Петропавлда жетімді жылатқан кім?

Петропавлда 49 жетім бала пәтер кезегінен түсіп қалған. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады. Қадағалаушы орган  қызметкерлері тұрғын үй тізімін тексеріп, осындай олқылықтарды анықтаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың мәліметінше, облыс орталығында ата-ана қамқорлығынсыз қалған 1 мың 700-ге жуық бала баспана алуға өтініш берген. Тексерістен кейін кезектен шығып қалғандар тізімге қайта енгізілді.  «Өрескел қате жергілікті мәліметтерді республикалық базаға енгізу кезінде кеткен», - дейді прокурорлар.

Қайсар Әбішев, қала прокурорының орынбасары:

Әр жағдай жеке-жеке қаралды. Кезектен түсіп қалудың бір себебі – техникалық қателік. Яғни, кейбір адамдар белгіленбей, республикалық базаға енбей қалған. Қазір осыған жол берген лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту мәселесі қаралып жатыр.