Ақтау әуежайында ұшу кестесі өзгереді

Ақтау халықаралық әуежайында 3 мамырдан бастап ұшу кестесіне өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұшақтар 5 шілдеге дейін тек дүйсенбі, сейсенбі және сәрсенбі күндері қабылданады. Әуежай басшылығының хабарлауынша, келер аптада ұшу-қону жолағын қалпына келтіру жұмыстарын бастау жоспарланған. Сол себепті жолаушылар әуе рейстерін кешкі 8-ден таңғы 9 аралығында қолдана алады. Айта кетейік, былтыр да ұшу жолағына жөндеу жасалды.

Меруерт Жолдыбаева, Ақтау халықаралық әуежайы директорының міндетін атқарушы:

– Әуежайға жөндеу жүргізілетін мерзімде әуе компаниялары өз рейстеріне түзету енгізді. Аптаның алғашқы 3 күнінен басқа уақытта ұшақтар қабылданбайды. Ұшу жолағын қалпына келтіру жұмыстары шамамен 2 айда аяқталуы тиіс.