ШҚО-да тұрғындар жүргізуші куәлігін ала алмай жүр

– Ержанат Мұралы жүргізуші куәлігін алғысы келеді. Алайда, бірнеше айдан бері сенделіп жүргенін айтады. Оқуын аяқтағанымен, ауданда тест тапсыра алмайды. Қалаға қатынау қалтаны қағады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ержанат Мұралы, Үржар ауданының тұрғыны:

Жүргізуші куәлігін алудың машақаты халыққа оңай емес бұқара халыққа, қаншама шақырым жол жүріп, егер де тестілеуден өте алмаса 2 күн пәтер жалдап тұру керек. Жолдың азабы, көрдің азабы дейді қазақ. Сол себепті билік басындағылар права алуды, тестілеуді  осында тапсыруға мүмкіндік берсе екен.

Тұрғындар қалаға сабылып шаршағанын айтады. Ауданда автоцон ашылғанын қалайды.  Осы шағымдарын Президентке де жазған.

Назерке Мырзаханова, Үржар ауданының тұрғыны:

– Қалаға бару жол арақашықтығы өте ұзақ, әйел адам болғаннан кейін бала-шаға, отбасы бар. Бір күнде бітетін шаруа емес.+өзіміздің ауданға автоцон ашылғаны өте қажет. 

Ержан Тілемесов, Үржар ауданының тұрғыны:

Оқып бітірген балалар 500-дей бала не Семейге, не Өскеменге тапсыру керек. Арақашықтығы 500-550 шақырым жер. Жол шығыны әркімнің қалтасы көтере бермейді. Біздің жақта тек қана теория тапсырғанымен, практиканы қаладан келіп қабылдайтын, практика қабылдайтын жоқ, екеуі бір жерде болу керек екен. Қаладағы практика қабылдайтын мамандар курстанттар жиналатын болса мезгілімен қабылдауға дайын. Лицензия берілмей отыр. Президент аппаратына жаздық.

80 мың халқы бар ауданда көлік жүргізуді үйрететін мектеп бар. Тұрғындар білім алғанымен, автодром жоқтығынан әрі  қарай әбігерге түседі. Халыққа қызмет көрсету орталығы  да  автодромның жоқтығынан жүргізуші куәлігіне өтініш қабылдауды тоқтатқан. 

Боранбек Кәкібаланов, мектеп директоры:

Қазіргі таңда 500-дей адам ала алмай жатыр және қаладан, жан-жақтан бітіріп келгендер ала алмай жүр. Аудан үлкен болғандықтан ХҚКО автодром және сол жерден емтихан қабылдағаны дұрыс, бұл үлкен мәселе болып тұр. 

Әсел Динахметова, ХҚКО Үржар аудандық бөлімшесінің басшысы:

Бұл шаралар уақытша болып табылады. Өйткені бүгінгі күні теориялық емтихан тапсыру үшін жаңа ақпараттық жүй енгізіледі деп жоспарлануда.

Айта кетейік, ауданға автодром салу үшін 60 миллион теңге шамасында қаражат керек. Оның қашан бөлінетіні әлі белгісіз. 

Авторлары: Әсем Өтешова, Әйгерім Ашықбаева, Медет Өмірханов

 

 

Сондай-ақ...