Петропавлда жұрт жүргізуші куәлігін ала алмай жүр

Петропавлда тұрғындар жүргізуші куәлігін ала алмай жүр.

Себебі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына қойылған жүйе әбден ескірген. Жауаптылардың айтуынша  2014 жылдан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келген қондырғыларының тоз-тозы шыққан. Курсанттар Көкшетау, Қостанай тіпті Нұр-Сұлтан қалаларына барып емтихан тапсыруға мәжбүр. Өңірде аталған мәселенің туындағанына бір айдан астам уақыт болған. Жауаптылардың айтуынша, қазір мұндағы компьютерлер, автодроммен көліктердегі GPS датчиктер жаңасына ауыстырылып жатыр. 

Евгений Зубков, мамандандырылған ХҚКО бөлімінің басшысы: 

- Құрылғылар ескірді. Жиі істен шыққан соң олардың қосалқы бөлектерін табу қиындап кетті. Сондықтан орталықтың шешімімен бүкіл жүйені ауыстырып жатырмыз. Енді барлығы спутник арқылы жұмыс істейді. Қазір әлеуметтік желілерде 600-800 адам куәлік алуға кезекте тұр деген әңгіме тарап жүр. 1-2 күнде іске қоса аламыз. Кейін барлығын қабылдай бастаймыз. Сондықтан тұрғындарды бұл сұраққа түсіністікпен қарауға шақырамыз.