Қоршаған ортаның ластануынан жыл сайын әлемде 9 млн адам көз жұмады

Бұл тіпті коронавирус құрбандарының санынан да көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айталық, пандемия басталғалы 6 млн 700 мың адамның өлімі тіркелген.Экологиялық проблемадан келетін материалдық шығын 4 жарым триллион долларға бағаланады. Сөйтіп қоршаған орта ластануының салдары,,, шылым шегуден болған зардаппен бірдей дейді зерттеушілер. Ең күрделі жағдайдың бірі Үндістанда қалыптасқан. Мұнда барлық өңірде дерлік ауадағы зиянды заттардың мөлшері қалыпты межеден асады. Әлемдегі ахуал әсіресе кейінгі 20 жылда нашарлап кеткен. Осы уақыт ішінде қоршаған ортаның ластануынан кісі өлімі 66 процентке артты. Зерттеушілер оған урбандалу, халық санының өсуі мен қазбалы отынға деген тәуелділік себеп дейді.