ШҚО-да әскерилер өз таңдауын жасады

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары да бүгін елмен бірге өз таңдауларын жасап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңір бойынша 1027 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Жалпы халықтық референдумнан Ұлттық ұланның сарбаздары да тыс қалған жоқ. 18 жастағы қатардағы жауынгер Егорь Никульшин дауыс беруге алғаш рет келіп отырғанын айтады. Отан қорғаушы мұндай маңызды шараға қатысу азаматтық борышым деп санайды.

Егор Никульшин, ұлттық ұлан сарбазы:

– Бұл менің алғаш рет дауыс беруім. Мұқият қарап шықтым. Құжатпен танысып, өз таңдауымды жасадым.