БҚО-дағы автожол бойында қараусыз мал өріп жүр

Жәнібек ауданында қараусыз жүрген мал иелеріне қатысты 85 хаттама толтырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түлігін жол бойына жіберіп қойып жайбарақат жүрген тағы 17 жеке тұлғаға ескерту берілген.

Болатбек Оразғалиев, Жәнібек аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы:

Бізде қазір мына қамау кезінде проблема болады. Себебі әкімшіліктен жіберген кезде оларда жылқылары жоқ, малдарын қаматпайды. Оның арғы жылдары болды трассада автокөлік оқиғалары мал арқылы. Қазіргі кезде малды біз қадағалап жолдан айдап отырамыз, қасындағы КХ-ларға барып ескертеміз.

Ауыл ішінде жүрген мал аудандық ветеринариялық станцияның айып тұрағына қамалады. Бұл істе мал дәрігері мен полицияның және ауыл әкімдерінің жұмыла әрекет етуі маңызды. Өкінішке қарай, әркез олай бола бермейді. Мал иесінде мүлдем жауапкершілік жоқ. Бақташы да басқасы да бұл мәселеге жүрдім-бардым қарайды. Әзірге аудан көлеміндегі жолдар салынып біткен жоқ. Ертең көлік атаулы тақтайдай тегіс жолмен желдей жүйткіген кезде апатты жағдайлар да жиілеуі мүмкін, – дейді мамандар.

Біржан Ғұбашев, Жәнібек аудандық ветеринариялық станциясының директоры:

– Қазір жол әлі дұрыс біткен жоқ қой. Жол біткеннен кейін ол мәселе бізге де келеді ғой. Ол енді сырғалары бар, қожайындары бар, бақташылары дұрыс бақпайды. Жолдың бойында жатады малдары, өзіміз де көріп жүрміз ғой күнделікті. Бұл мәселені шешуге енді жергілкті ауыл әкімдері мен мал иелерімен түсінік жұмыстарын сондай мәселелер бар енді.

Әзірге жол бойындағы малды қуумен полиция ғана айналысып жүргені рас. Жыл басынан бері олар осындай 50-ден аса фактіні анықтап, мыңға тарта малды өрісіне қайтарыпты. Әсіресе Орал-Атырау жолында абай болмаса қиын. Жүйткіп келе жатқан көлікті кес-кестейтін киік те жол апатына жиі себепкер болады. Апатты азайтуда мынадай муляждар мен малға арналған арнайы өтпелердің маңызы зор. 

Зауырбек Қыпшақбаев «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» БҚФ директоры:

Ол мақсатта да мына тапсырысшымен жол бойыда арнайы муляждар түрінде салынған қонырғыары бар. Өз нәтижесін бермей жатады өкінішке орай. Қазір мына күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр бізде ҚазталовЖәнібек, ӨнегеБисен-Сайхын автожолында. Ол жерлерде мына жоба талабы бойынша арнайы мал өткелдері қарастырылған.

Өкініштісі, мұндай келеңсіз жағдай облыстың барлық аумағына тән. Мысалы, Жаңақала мен Бөкей Ордасы бағытындағы күре жолдармен жүру де аса қауіпті. Алаңдауға негіз бар. Өйткені жыл басынан бері малдың қатысуымен 7 ауданда 15 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, көп адам материалдық зиян шекті. Былтыр да 70 шақты апат болып, бірнеше адам көз жұмған.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Қанат Махмұтов, Елдар Аюпов