СҚО-дағы «Jasa kids» әлеуметтік жобасы жетім балаларды қолдайды

Солтүстік Қазақстандағы жетім балалар үшін Алматыға саяхат ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Балалар орталықтарының 40 тәрбиеленушісі бір апта бойы оңтүстік астананы аралайды. Әлеуметтік жоба «Жаса одағы» қоғамдық қорының мұрындық болуымен және де қалталы азаматтардың демеушілігімен жүзеге асып отыр. Жеті күн ішінде балалар мұражайларға, ұлттық саябақтарға барады, бағдарламалау бойынша шеберлік сабақтарына қатысады, табысты және танымал адамдармен кездеседі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тағылымды саяхат тұрақты түрде жалғасады.

Мафруза Науанова, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

Бұл жобаның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Олардың жер-жерді тануға деген құлшынысын аяту. Ең бастысы өз-өзіне деген сенімді арттырып, бұл өмір тек өзіне ғана байланысты екенін түсіндіру.